Тоқаев халықтың арызын қарайтын бөлімге жаңа басшы тағайындады
766
Бақыт Есімова Президент әкімшілігінде жауапты қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Ақордада мәлім етті.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Амангелдіқызы Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұл тағайындауға дейін ол 2022 жылдың мамыр айынан бастап дәл осы бөлімде меңгерушінің орынбасары қызметін атқарып келген болатын.
Есімова Бақыт деген кім?
1984 жылы Павлодар облысында дүниеге келген Бақыт Есімова 2006 жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін тәмамдаған.
- 2006–2007: «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ атқарушы директоры аппаратының басшысы, менеджері;
- 2007–2008: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ сарапшысы;
- 2008–2010: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы;
- 03.2010 – 03.2011: Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары;
- 03.2011 – 28.06.2013: Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы;
- 28.06.2013 – 2015: Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы;
- 2015 – 09.2020: «Астана (Нұр-Сұлтан) қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы;
- 09.2020 – 05.2022: Қостанай облысы әкімінің орынбасары;
- 05.2022 жылдан бастап: ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
22:17
Қанат Бозымбаев Каспийдегі қайғылы оқиға қатыст...
24.09.2026
22:10
Тоқаев Алмас Исаковты Президент Іс басқарушысын...
24.09.2026
21:52
Қанат Бозымбаев жоғалған екі сарбазды тәулік бо...
24.09.2026
21:15
Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 12 ...
24.09.2026
20:26
Ақтау мәйітханасына қаза тапқан сарбаздардың ту...
24.09.2026
19:59
Каспийдегі қайғылы оқиға: Үкіметтік комиссия Ма...