Тоқаев Каспий өңірінде әскери күш қолдануға толық тыйым салу қажет екенін айтты

22.04.2026 14:32 Әсел Мұрат
Тоқаев Каспий өңірінде әскери күш қолдануға толық тыйым салу қажет екенін айтты
267
Фото: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев мүдделі халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Президент еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайтынын жеткізді.

«Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды. Осы орайда Қазақстан Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтерді, Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болды. Аталған мекеме өңірлік деңгейдегі ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті мемлекет басшысы саммитте.

Тоқаев барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осынау асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз.

«Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс», - деді ол өз сөзінде.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий