Тоқаев: Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес 

Тоқаев: Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес 
14.10.2025 12:43
0
45

Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президенттің айтуынша, алдымен Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізу қажет болады. 

Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады.

«Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат – айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша, азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады»,-  деп атп өтті Тоқаев.


 Президенттің айтуынша, алдағы уақытта e-Parlament сұранысқа ие құралға айналуы мүмкін.

«Бір палаталы Парламентке өту бір есептен жұмыстың жаңа қалыбы мен қарқынына, тез шешім қабылдауға бейімделуді көздейді. Яғни заман өзгеріп жатыр, ол өз талабын орындатады, e-Parlament жүйесі қыр астында тұр. Жақында өмірімізге дендеп енуі мүмкін. Сондықтан заң қабылдауда мүлде қате жіберуге болмайды», - деді мемлекет басшысы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий