Тоқаев пен Словения Президенті АХҚО-ны аралады

Тоқаев пен Словения Президенті АХҚО-ны аралады
01.04.2025 14:25
0
95
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусармен бірге АХҚО-мен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Мемлекет басшыларына АХҚО-ның құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды. Бүгінгі таңда қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі – 14,4 миллиард АҚШ долларын құрайды.

Оның ішінде 7,1 миллиарды Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар болса, 7,3 миллиарды – АХҚО қатысушы компанияларының инвестициясы.

АХҚО базасында әлемнің 80-нен астам елінен келген 3700-ге жуық компания тіркелген. Президенттерге қаржы орталығында қолданылатын прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі – АХҚО Соты, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының қызметі туралы ақпарат берілді.

Аталған құрылымдар АХҚО қатысушыларына халықаралық стандарттарға сай құқықтық қорғау ұсынады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий