Тоқаев Үкімет туралы жарлыққа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің өкілеттігін доғару туралы жарлыққа қол қойды. Дегенмен министрлер кабинеті жаңа құрам толық бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді, деп хабарлайды Politico.kz.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", — делінген «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлықта.
Құжат Ақордада қол қойылған күнінен, яғни 28 тамыздан бастап бірден күшіне енді.
Бүгін бірінші шақырылымдағы жаңадан сайланған Құрылтайдың алғашқы сессиясы ашылды. Конституцияға сәйкес дәл осы жиын басталған сәттен бастап бұрынғы Үкіметтің өкілеттігі ресми түрде тоқтатылуы тиіс.
Бұған дейін, 23 тамызда, Президент Құрылтай сайлауы аяқталған соң Үкімет заңға сәйкес өз өкілеттігін тоқтататынын алдын ала мәлімдеген еді. Енді елімізде жаңа министрлер кабинетінің құрамы жасақталуы керек.
Соңғы жаңалықтар