Үкімет отставкаға кетеді: Министрлер құрамында өзгеріс болады

23.08.2026 13:30 Қарақат АСЫЛОВА
Үкімет отставкаға кетеді: Министрлер құрамында өзгеріс болады
282
Фото: Ақорда

Құрылтай сайлауынан кейін Үкімет заңға сәйкес өз өкілеттігін тоқтатады, деп хабарлайды Politico.kz.

Осыған байланысты Министрлер кабинеті қайта жасақталады. Жаңа Үкіметтің негізгі міндеті – Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындауды жалғастырып, ел экономикасына төнген жаңа сын-қатерлерге жедел жауап беру.

Бұл туралы Atameken Business телеарнасының тілшісі Саяна Санақованың сұрағына жауап бергенде айтылды.

Сұхбат барысында Үкімет қазіргі таңда өзіне жүктелген міндеттерді орындап отырғаны атап өтілді. Әлемдегі бәсекелестіктің күшеюіне байланысты нарықтағы өзгерістерді мұқият бақылап, туындаған сын-қатерлерге төтеп беру қажеттігі айтылды.

«Үкімет отставкаға кетеді. Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болады. Ашығын айтқанда, дәл бүгін Үкімет жұмысына алаңдауға немесе оған сын айтуға қандай да бір негіз жоқ», – деді ол.

Сонымен қатар кадрлық өзгерістердің басты мақсаты біреуді қызметтен босату емес, Үкімет жұмысына жаңа серпін беру болуы керектігі айтылды. Сұхбатта министрлер мен Үкімет басшысы өз міндеттерін атқарып отырғаны атап өтілді.

«Кадрлық шешім шын мәнінде жұмысқа тың серпін беруі керек. Бәріміз айтып жүрген жаңғыру үдерісі үздіксіз жүргізілуге тиіс», – деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі кезеңде Үкімет елдегі жаңғыру үдерісін одан әрі ілгерілетуде маңызды рөл атқарады. Кадрлық өзгерістер нақты нәтижеге және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталуы қажет.

Войдите, чтобы оставить комментарий