Тоқаев жазушы Валерий Михайловқа жоғары мемлекеттік марапат берді
640
Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Валерий Михайловты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық әдебиеттің дамуына қосқан айрықша үлесі үшін жазушы Валерий Михайловты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды», – делінген хабарламада.
Валерий Михайлов 1946 жылы 7 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған.
Республикалық газеттерде жұмыс істеген.
1997 жылдан «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болып қызмет еткен. 2003 жылдан бері «Простор» журналында бас редактор болды.
Ашаршылық туралы жазылған «Ғаламат жұт шежіресі» деректі кітабының авторы.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
17:25
Құрылтай депутаты пара Азия ойындарында бақ сын...
06.10.2026
17:23
Ақмола облысында итті балтамен ұрып өлтірген ер...
06.10.2026
16:37
Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды
06.10.2026
16:08
15 жастағы оқушы қыз мектеп алдында құрдастарын...
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...