Тоқаев жойқын селге байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
351
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сицзан автономды ауданында болған жойқын сел салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.
Президент жақындарынан айырылған азаматтардың қайғысына ортақтасатынын жеткізіп, із-түзсіз жоғалған жандардың тез арада отбасына аман-есен оралуына тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 26 тамызда таңертең Қытай мен Непал шекарасындағы Сицзан ауданында ірі табиғи апат болған еді. Жер сілкінісі салдарынан қуатты көшкін жүріп, тау басындағы мұздық құлаған. Табиғи құбылыс өзен арнасын жауып тастап, қатты ағын көпірлер мен тұрғын үйлерді шайып кетті.
Апат салдарынан көптеген адам хабар-ошарсыз кеткен. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қазіргі уақытта іздестіріліп жатқандардың арасында осы аймаққа турист болып барған қазақстандық қыз да бар.
Соңғы жаңалықтар
07.09.2026
19:30
Қазақстандықтар оң өзгерістерді атап өтіп, инфр...
07.09.2026
18:59
Қазақстан Чехияда трамплиннен секіруден екі алт...
07.09.2026
18:12
Арыста екі бала мен жүкті әйелді қағып өлтірген...
07.09.2026
17:22
Петропавлда 25 жыл отырып шыққан маньяк жаңа қы...
07.09.2026
17:15
Ақбаян ата-анасы мен бауырларының қайтыс болған...
07.09.2026
17:00
Ақтауда әкесі ішімдік әпермеген 16 жастағы қызы...