Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхайға барды

15.07.2026 • 18:40 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев жұмыс сапарымен Шанхайға барды
953
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен жұмыс сапарымен Шанхай қаласына келді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақорданың мәліметінше, 16 шілдеде Президент Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізеді. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел отырысына да қатысады.

Ал 17 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы әріптестік» тақырыбына арналған Жасанды интеллект жөніндегі дүниежүзілік конференцияға (WAIC) қатысады. Конференцияда жасанды интеллект технологияларын дамыту және халықаралық ынтымақтастық мәселелері қарастырылады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий