Тоқаевтың екі өкімі: Қауіпсіздік Кеңесінде кімдер тағайындалды

Тоқаевтың екі өкімі: Қауіпсіздік Кеңесінде кімдер тағайындалды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратында кадрлық өзгерістер жасады. Мемлекет басшысының өкімдері туралы 19 қазанда Ақорда хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.

Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Тиісті өкімдерге Мемлекет басшысы қол қойды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу