«Тот басқан белдеу» Ресейдің кедей аймақтары соғыстан пайда көріп отыр

«Тот басқан белдеу» Ресейдің кедей аймақтары соғыстан пайда көріп отыр
31.03.2025 10:32
0
1041
Фото: Alexi Nikolsky/AFP/Getty Images
Ресейдегі артта қалған қалалар экономикалық жандануда

Ресейге салынған санкциялар ел экономикасын әлсіретіп жатқанымен, соғыс шығындары есебінен елдің ең кедей аймақтары экономикалық тұрғыда көтеріле бастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Financial Times мәліметіне сәйкес, Ресейдегі экономикалық тұрғыдан артта қалған, «тот басқан белдеу» деп аталатын аймақтар соғыс кезінде айтарлықтай даму үстінде. Бұл өңірлерде жаңа дүкендер, мейрамханалар, спорт залдары, сұлулық салондары мен басқа да қызмет көрсету орындары көптеп ашылуда.

«Соғыс бір жағынан үлкен теңестіруші рөл атқарып отыр. Ол бейбіт заманда болашағы бұлыңғыр, білімі төмен адамдарға көп ақша әкеледі», – дейді неміс экономисі Янис Клюге.

Украинаға басып кірген сәттен бастап Ресей қорғаныс саласына орасан зор қаржы бөлуде. Бұл кедей қалалардағы жұмыс орындарының көбеюіне алып келді. Әскерилер мен олардың отбасылары мемлекеттен қомақты төлемдер мен өтемақылар алуда.

Марий Эл республикасында әскерге шақырылғандарға 3 миллион рубльге дейін қаражат ұсынылуда. Бұл өңірдегі орташа жылдық жалақыдан үш есе көп. Статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда Марий Эл тұрғындарының табысы 80 пайызға өскен.

Сондай-ақ соғыс кезінде әскерилер мен олардың отбасыларының сатып алу қабілеті де жоғарылаған. Ресейдің кіші қалаларында адамдар бұрын қол жеткізе алмаған қымбат заттарды еркін сатып ала бастады.

Шумерля сияқты шағын қалаларда маникюр салондары мен жеке күтім орындары көбейген. Тұрғындар арасында фитнес-орталықтарға сұраныс та жоғары. Spirit Fitness фитнес орталығы тіпті Мәскеуден тыс жерлерде де филиалдарын ашуда.

Дегенмен, сарапшылар соғыс аяқталған соң аймақтардағы экономикалық жағдай қайтадан күрт төмендеуі мүмкін деген болжам айтуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий