Тойда сөз сөйлеген кішкентай қыз әкесін ұятқа қалдырды

Тойда сөз сөйлеген кішкентай қыз әкесін ұятқа қалдырды
24.05.2025 15:17
0
200
коллаж azattyq-ruhy.kz

Қазнетте той үстінде түсірілген қыз баланың видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады POLITICO.KZ azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Тойда ән айтқан кішкентай қызға қонақтар сыйлық жасап, бір уыс ақша жинап берген. Асаба жас өнерпаздан бұл ақшаны қайда жұмсайтынын сұраған кезде, ойланбастан «Әкеме беремін» деп жауап береді.

Бұл жауапқа риза болса керек, асаба жігіт «Қыз деген әкеге жақын болады, көрдіңіздер ме, әкесін ойлап тұр» деп баланың шешімін қолдай кетеді. Одан әрі «Әкең ол ақшаны не істейді?» деп сұрағанда «Анама береді» деп балақай жұртты ду күлдіреді.

Желі қолданушылары балақай үйдегі сырды жұртқа айтып қойды деп қалжыңдап жатыр.

«Балалы үйдің ұрлығы жатпайды. Рас, балапан дұрыс айтады. Екеуін де ренжітпеді. Әдемі көрініс», - деп жазды олар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий