«Трамп иығынан қақты»: Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста АҚШ Президенті Дональд Трамп бастамасымен құрылған Газадағы жаңа «Бейбітшілік кеңесінің» Жарғысына қол қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Рәсім алдында Қазақстан президенті мен АҚШ басшысы өзара тілдесті.
Видеодан Тоқаевтың қол қоймас бұрын Трампқа жақындап, бірнеше сөз айтқанын көруге болады. Ал Трамп жауап ретінде оның иығынан қағады.
Еске салайық, Трамп Тоқаевты ресми түрде осы ұйым құрамына шақырған. Президенттің баспасөз хатшысының көмекшісі Руслан Желдібайдың айтуынша, Тоқаев алғыс хат жолдап, қатысуға келісімін растады және Қазақстанның Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға және жаһандық тұрақтылыққа үлес қосуға дайын екенін жеткізді.
Жарғыға 18 ел қол қойды, ал Трамп «Бейбітшілік кеңесінің» төрағасы болып тағайындалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
23:16
Қазақстанда әскери реформа мақұлданды: сарбазда...
21.10.2026
22:39
Павлодар облысының бас әскери комиссары Бекзат ...
21.10.2026
20:47
Шымкентте есірткі іздеген полицейлер өз әріптес...
21.10.2026
20:21
Каспийге Аралдың күні тумасын: Тоқаев әлемге үн...
21.10.2026
20:13
Тоқаев Бакуде Израиль басшысымен не туралы келі...
21.10.2026
20:07
Қатармен миллиардтаған долларлық жобалар: Тоқае...