Трамп: «Мен Зеленскийдің не сұрайтынын жақсы білемін»

Трамп: «Мен Зеленскийдің не сұрайтынын жақсы білемін»
15.10.2025 11:35
0
119
фото: abcnews.go.com

Трамп Владимир Зеленскиймен жоспарланған кездесуден не күтетінін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Ukrinform-ге сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы уақытта Украина президенті Владимир Зеленскиймен өтетін кездесу туралы пікір білдіріп, Киевтің негізгі сұраныстарының бірі заманауи қару-жарақ, соның ішінде «Томагавк» зымыран жүйелері екенін айтты.

Бұл туралы Трамп сейсенбі күні Аргентина президенті Хавьер Милеймен Ақ үйдегі кездесу барысында айтты.

«Иә, біз Украина туралы сөйлесетін боламыз. Жұма күні маған президент Зеленский келеді, мен оның не айтатынын білемін. Ол қару алғысы келеді. Ол «Томагавк» зымырандарын сұрайтын болады», - деді Трамп.

Сонымен қатар, Ақ үй басшысы Ресей президенті Владимир Путинге қатысты тағы да көңілі толмайтынын жеткізді.

«Ол бұл соғысты тоқтатуы керек еді. Мен қатты қапаланамын, себебі бізде Владимирмен жақсы қарым-қатынас болған - бәлкім, қазір де сондай шығар. Бірақ оның неге соғысты жалғастырып отырғанын түсінбеймін. Бұл соғыс оған тек қасірет әкелді», - деді Трамп.

Айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский жұма күні Ақ үйде Дональд Трамппен кездесуді жоспарлап отыр.

Анықтама үшін: «Томагавк» зымырандарының ұшу қашықтығы 4500 шақырымды құрайды. Бұл Украина аумағынан Мәскеуге дейін соққы беруге мүмкіндік береді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий