Трамп Путинмен кездесетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Politico.kz.
Вашингтон. 17 қазан. Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ақ үйде өтетін маңызды кездесу қарсаңында АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Екі елдің көшбасшылары Венгрия астанасы Будапештте кездесуге уағдаласқан.
Бұл туралы Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Мен Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон сөйлесуімді жаңа ғана аяқтадым және бұл әңгіме өте нәтижелі болды. Президент Путин мені және Америка Құрама Штаттарын Таяу Шығыстағы Бейбітшілік Жетістігімізбен құттықтады, бұл оның айтуынша, ғасырлар бойы арман болған нәрсе. Менің ойымша, Таяу Шығыстағы жетістік Ресей/Украина соғысын тоқтату бойынша келіссөздерімізге көмектеседі. Президент Путин Бірінші Ханым Меланияға балалар мәселесіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді. Ол өте риза болды және бұл ынтымақтастық жалғасады деді. Біз сонымен қатар, Украинамен соғыс аяқталғаннан кейін Ресей мен АҚШ арасындағы сауда мәселелері бойынша көп уақыт бойы әңгімелестік. Әңгіменің соңында біз келесі аптада біздің жоғары деңгейдегі кеңесшілеріміздің кездесуі өтетіні жөнінде келісімге келдік. Америка Құрама Штаттарының алғашқы кездесулеріне Мемлекет хатшысі Марко Рубио, сондай-ақ тағайындалатын басқа да түрлі тұлғалар басақалақ етеді. Кездесу орны әлі белгісіз. Президент Путин мен мен содан кейін Ресей мен Украина арасындағы бұл «масқара» соғысты тоқтата алатынымызды көру үшін келісілген орынға, Венгрияның Будапешт қаласына кездесеміз. Президент Зеленский мен ертең Ақ Үйде, Авалық бөлмеде кездесеміз, онда мен Президент Путинмен болған әңгімемді және басқа да көптеген мәселелерді талқылаймыз. Менің ойымша, бүгінгі телефон әңгімесінің нәтижесінде үлкен жетістікке қол жеткізілді», - деп жазды Трамп.
Екіжақты келісім бойынша, келесі аптада екі елдің жоғары деңгейлі кеңесшілері кездеседі. Америкалық делегацияны Мемлекеттік хатшы Марко Рубио басқармақ. Осы кездесуден кейін Дональд Трамп пен Владимир Путин Ресей мен Украина арасындағы «масқара соғысты» тоқтату жолдарын талқылау үшін Будапештте бас қоспақ.
Бүгін, 17 қазанда, Дональд Трамп Ақ үйде Владимир Зеленскиймен кездеседі. Ол Украина президентіне Путинмен болған сұхбатының мән-жайын толық баяндайтынын жеткізді.
Соңғы жаңалықтар





