Трамп ресейлік олигархтарды «жақсы адамдар» деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік олигархтардың «алтын карта» алуға өтініш бере алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO басылымы.
Жаңа бағдарлама аясында 5 миллион доллар көлемінде инвестиция салған шетелдіктерге АҚШ-та тұрақты тұру құқығы беріледі. Трамп ресейлік олигархтар да бұл бағдарламаға қатыса алатынын айтты.
«Эй, мен бірнеше ресейлік олигархтарды білемін, олар өте жақсы адамдар», – деп күліп жауап берді Трамп журналистің сұрағына.
Оның айтуынша, олар бұрынғыдай бай емес, бірақ 5 миллион доллар таба алады.
Бұл бастама АҚШ-тың қазіргі инвесторлық визалық бағдарламасын алмастыруы мүмкін. Министрлер кабинетінің мәліметінше, «алтын карта» иелері грин-карта артықшылықтарын пайдаланып, кейіннен азаматтық ала алады.
Трамптың айтуынша, бұл бағдарлама бай және табысты адамдарды тартуға, АҚШ-тың экономикасына үлес қосатын азаматтарды көбейтуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ жаңа жүйе жұмыс орындарын құруға және ұлттық қарызды азайтуға көмектеседі деп санайды.
Бірақ кейбір сарапшылар бұл бастаманы әділетсіз және этикаға сай емес деп сынауда. Жаңа жүйенің қабылдануы Вашингтонда қызу пікірталас тудырып отыр.
Соңғы жаңалықтар





