Трампқа соққы. АҚШ соты Президентке неге қарсы шықты?

Трампқа соққы. АҚШ соты Президентке неге қарсы шықты?
16.10.2025 17:01
0
49

АҚШ Жоғарғы Соты Президенттің өкілеттігін шектеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Енді мемлекет басшысы өз бетінше бірде-бір мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босата алмайды. Бұл шешім Дональд Трамптың әкімшілік құрамын қайта жасақтау жоспарына кедергі келтіріп отыр. 

АҚШ-тың ішкі саясатына қатысты бұл шешімдер ел ішінде ғана емес, халықаралық алаңда да түрлі реакция тудырды. Сарапшылар Жоғарғы Соттың шешімін әкімшіліктің жұмысын шектеу деп бағалап отыр. Себебі, бұл өзгеріс Трамптың үкімет қызметкерлерін қысқарту жоспарына тікелей кедергі келтірмек. 2025 жылдың қыркүйегінен бері 4 мыңнан астам қызметкерді орнынан босату ұсынылған, бірақ сот бұл қадамды уақытша тоқтатты.

Бірақ Трамптың өзі ішкі емес, сыртқы саясатқа ден қойған.

ХАМАС УӘДЕСІН БҰЗДЫ МА?

Израиль мен ХАМАС арасындағы жағдай қайта ушықты. Бейбіт келісім жасалғанына қарамастан, Трамп ХАМАС-ты уәдесін орындамады деп айыптап отыр. Айтуынша, қаза тапқан 28 адамның тек төртеуінің денесі ғана қайтарылған.

ХАМАС келісімге қол қойды. Бірақ шарттарды орындамай отыр. Тірі тұтқындар қайтарылды. Ал мәйіттер неге әлі жоқ? Израиль күш қолдануы мүмкін, біз қолдау білдіреміз, - дейді Д.Трамп.

ВЕНЕСУЭЛАДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Қазір Ақ үйдің назары Латын Америкасына, нақтырақ айтқанда Венесуэлаға ауған. Дональд Трамп Венесуэла аумағында жасырын барлау және әскери операциялар басталғанын айтты. Мұндай мәлімдеме кейінгі жылдары алғаш рет жасалып отыр.

Орталық барлау қызметіне тапсырма берілді. Барлау операциялары тек әуеде емес, жер үстінде де жүргізіледі, - деді Президент.

ОҢТҮСТІКТЕГІ КӨРШІЛЕР ДЕ ТЫНЫШ ЕМЕС

Перуде саяси ахуал қайта шиеленісе бастады. Президент Дина Болуартеге импичмент жарияланғанымен, елде наразылық тоқтар емес. Халық енді уақытша президент міндетін атқарып жатқан Хосе Херидің отставкасын талап етуде. Себебі, ол даулы заңдарға өзгеріс енгізуден бас тартқан.

ТРАМП НЕГЕ БЕЛСЕНДІ?

Трамп әкімшілігінің сыртқы агрессиясы ішкі саяси қысымды басу үшін жасалып отырған тактика болуы мүмкін, дейді сарапшылар. Әсіресе, алдағы жылы өтетін президент сайлауы қарсаңында рейтингті көтеру үшін мұндай әскери риторика күшейе түскен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий