"Транплатация отасы жасалды": Ләйлә Сұлтанқызы маңызды жаңалығын айтты

Қазір шетелде, дәлірек айтқанда Англияның Оксфорд университетінде білім алып жүрген Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде өзінің ғылыми ізденісі туралы жазба қалдырды.
Ол өз жазбасында былай дейді:
«Жатыр қартаймайды», – дейді [@dr_assel.oxford]. Зерттеу жұмысы – жатыр трансплантациясы. Өкінішке қарай, қажет құрылғылар мен керек-жарақтар елімізде болмағандықтан, зерттеу жұмысын жасау мүмкін болмай отыр. Ақпарат ретінде, әзірге әлем бойынша 100-ге жуық жатыр трансплантациясы отасы жасалған, жартысы ғана сәтті аяқталған. Оған донор кез келген жақының бола алады (әпке, ана, әже...)», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Журналистің бұл жазбасы әйелдер денсаулығына қатысты маңызды ғылыми тақырыпты қозғап, қазақстандық медицина саласында жаңа бағыттарға қызығушылық тудырды. Оның айтуынша, әлем ғалымдары жатыр трансплантациясы саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп келе жатыр, ал бұл зерттеудің Қазақстанда дамуы үшін арнайы құрал-жабдықтар мен ғылыми қолдау қажет.
Соңғы жаңалықтар





