"Туа бермеші!": Бауырларына қараудан шаршаған қыздың жанайқайы

06.08.2025 09:29
0
1118
Сурет: Бейнеден кадр
Әлеуметтік желіде жасөспірім қыздың жылаған жанайқайы миллиондаған қаралым жинауда, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қазақстандықтардың назарын аударды. Видеода жасөспірім қыз көз жасын тыя алмай, анасынан тууды доғаруды өтінген сәті көрсетілген. «Туа бермеші болды!» деген сөзімен есте қалған бейне бір тәулікте 3,6 миллионнан астам қаралым жинап, кең талқыға себеп болды.

Жасөспірім қыз демалысты ауылда өткізуді армандайтынын айтқанымен, басты өтініші Туа бермеші болып отыр. Оның айтуынша, жазғы уақытын ойын-сауықпен емес, бауырларына қараумен өткізуге мәжбүр. Видео кадрында жанында отырған кішкентай інісі де жылап отырғаны байқалады.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға бей-жай қарамады. Пікірлерде ата-аналардың жауапкершілігі, балалардың өз құқықтары және тұңғыш балаларға артылатын шамадан тыс міндет мәселесі кеңінен талқыланды. Көпшілік қызға қолдау білдіріп, «Әр баланың балалық шағы болуы тиіс» деген пікірді алға тартты.

Маман пікірінше, бұл жағдай – көпбалалы отбасыларда жиі кездесетін, бірақ жиі айтылмайтын әлеуметтік мәселені көрсетеді. Ата-аналық міндеттің үлкен балаларға жүктелуі, олардың психологиялық және эмоционалдық жай-күйіне әсер етеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий