Кенжебек Жанәбіловтің бір ауыз сөзі желіні шулатты

10.12.2025 11:16 Айсұлу Мұрат
Кенжебек Жанәбіловтің бір ауыз сөзі желіні шулатты
0
96
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Кенжебек Жанәбілов

«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желіде тараған бір видеосымен елді аң-таң қалдырып, сынның астында қалды, деп жазады POLITICO.KZ

Видеода әнші жастар отырған ортада олардың дайындығын тыңдап отырып, «Неге, неге?» әнінің сөзін «түзетпек» болады. Алайда сол сәтте Кенжебектің аузынан шыққан «түндегейсің» деген тіркес желі қолданушыларының ашуын туғызды.

«Бұл ән былай айтылады. Түндегейсің. Одан кейін “ақ көңілді” емес, ақ көңілдім деп айту керек», — деп өзінше бағыт берген әнші жастармен бірге ән шырқайды.

Бірақ көрермен әннің дұрыс-бұрыстығынан бұрын, дәл осы сөзге шүйлікті.

Желідегі реакция көп күттірмеді:

«Түнде гейсің деді ме, дұрыс естіп тұрмыз ба?», «Аузынан не шығып жатқанын өзі біле ме?», «Кенжебек, костюмің де, сөзің де түсініксіз», «Кәстөмі тар ма, әлде ойы ма?», «К700 айдайтын ағадан алынған киім сияқты», — деп мысқылдады жұрт.

Дегенмен, сынға қарамастан, кейбір қолданушылар әншінің өнерін атап өтіп, «тілден сүрінгенімен, дауыстан сүрінген жоқ» деп араша түсті.

Осылайша бір ғана ауыз сөз тәжірибелі әншіні жұрттың мазағына қалдырып, «МузАрттың» мүшесін күтпеген желілік дау ортасына кіргізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий