Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Тұңғыш президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты таралып жатқан ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айтуынша, соңғы уақытта кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның денсаулығы мен қай жерде екендігіне қатысты әртүрлі болжамдар мен шындыққа жанаспайтын ақпараттар таратылып жүр.
«Осыған байланысты келесі жайтты ресми түрде хабарлауды жөн санаймын: Сәуір айынан бастап Сара Назарбаева Алматы қаласындағы Қазақстан президенті іс басқармасының Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық шара бекітілген стандарттарға сәйкес жүргізілуде, ол отандық мамандардың бақылауында», - делінген хабарламада.
БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын Сара Алпысқызының есімін алыпқашпа әңгімелер мен расталмаған ақпараттар арқылы ел назарын аударуға пайдаланбауға, сондай-ақ құрмет пен әдеп сақтауға шақырамын. Сенімді ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды сұраймыз.
Соңғы жаңалықтар





