Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалдамалы пәтерлер қашан беріледі

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жалдамалы пәтерлер қашан беріледі
06.10.2025 15:17
0
56

«Отбасы банк» арендалық тұрғын үйді таратуды бастайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Пәтерлер азаматтардың кезекке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай үлестіріледі. Кезекте тұрған азаматтар «Отбасы банк» сайтында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.

Жаңа тұрғын үй реформасына сәйкес, пәтерлер азаматтардың кезекке тұрған күні мен табыс деңгейіне қарай үлестіріледі. 

Кезекте тұрған азаматтар «Отбасы банк» сайтында жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруі қажет.

Қиындық туындаса, азаматтар ХҚКО-дағы және «Отбасы банк» бөлімшелеріндегі өзін-өзі қызмет көрсету аймақтарына жүгіне алады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі егер табыс туралы өзекті мәліметтер болмаса, азаматқа арендалық тұрғын үй берілмеуі мүмкін екенін ескертті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий