Түркістан облысында әкесіне қол көтерген ер адамның кім екені белгілі болды

Түркістан облысында әкесіне қол көтерген ер адамның кім екені белгілі болды
08.09.2025 09:01
0
1620
Сурет: Бейнеден кадр

Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан ер адам әлеуметтік желілерде әшкереленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі қолданушылары бейнеде түсірілген ер адамды тез арада танып, оның аты-жөнін жария етті. Қазір күдіктінің парақшасына ашулы пікірлер мен қарғыстар жазылуда.

Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, ер адам Шардара ауданы, Қоссейіт ауылының 41 жастағы тұрғыны. Жергілікті тұрғындар оны асаба ретінде таниды. Ол әлеуметтік желілерде де өзін осылай таныстырып, той-шаралардан және мешіттен түскен суреттерін жариялап отырған.

Енді оның желідегі әрбір жазбасы ашулы пікірлерге толы.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде егде жастағы ер адамның қорлық көрген сәттері түсірілген бейне тараған еді. Егде адамды туған ұлы мен келіні ұрып-соғып жатқаны айтылды. Жазбаларды көршісі түсіріп, марқұмның қазасынан кейін жариялаған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий