Түркістан облысында 38 жастағы келіншек бес ұлдан кейін үшем босанды

Түркістан облысы Сауран ауданындағы Исрайловтар отбасында үшем дүниеге келді. 38 жастағы Махру Каримова бес ұлынан кейін үшем босанды. Бұл туралы POLITICO.KZ хабарлайды.
Исрайловтар отбасы 20 қыркүйек күні екі қыз, бір ұлдың ата-анасы атанды. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған үшемдер мен анасы кеше үйге шықты.
“Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1940 грамм болса, екіншісі 2100 гр, үшіншісі 2000 гр салмаққа жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Сафия, Амир және Хадия деген есім қойды”, – деп сүйіншіледі Сауран аудандық емханасы.
Дәрігерлер нәрестелерді тексеріп, емдеп, күтім жасады. Қазір ана мен үшемдердің денсаулығы жақсы. Олар емхананың медициналық қызметкерлерінің тұрақты бақылауында болады.
Желі қолданушылары жылы лебіздерін арнап, ақ тілегін жаудырды.
“Сәбилердің бауы берік болсын”, “Аман-есен ширап кетсін”, “Нәрестелер аман-есен өсе берсін”, “Бауы берік болсын! Жұғысты болсын”, “Аман болыңдар”, – деп жазды әлеуметтік желідегі қолданушылар
Соңғы жаңалықтар





