Түркістан облысында пойыз вагоны рельстен шығып кетті: Зардап шеккендер бар
414
Түркістан облысына бағыт алған №8 «Саратов – Алматы» жолаушылар пойызының бір вагоны Жаңақорған – Түркістан теміржол учаскесінде рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға кезінде вагонда 36 жолаушы, оның ішінде 13 бала болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, вагон рельстен шыққан кезде дәретханада болған әйел басынан жарақат алған. Сонымен қатар көрші вагонда отырған баланың үстіне қайнаған су төгіліп, күйік алған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, оқиғаға техникалық себептер себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта көліктегі полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның нақты мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.
Жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін қосымша пойыз ұйымдастырылған. Оқиға орнына қалпына келтіру пойызы да жіберілді.
Қазір тиісті мамандар оқиғаның салдарын жою және теміржол қозғалысын қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
03.09.2026
23:08
Түркістан облысында пойыз вагоны рельстен шығып...
03.09.2026
22:36
Андрей Сибига: Астана Зеленский мен Путин кезде...
03.09.2026
22:19
Тоқаев жаңа СІМ басшысына маңызды тапсырмалар ж...
03.09.2026
22:12
Украина министрі КҚК-ға шабуыл туралы: Қазақста...
03.09.2026
21:52
KeshYou-дің экс-әншіс: Күйзелістен салмағым 59 ...
03.09.2026
21:39
Оралда 10 жасар оқушыны тоқ соғып, көз жұмды