Түркістан облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды

Түркістан облысында жол апатынан 7 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді тас жолында болған жол апатынан 7 адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жол апаты 15 шілде күні түнгі уақытта болған.

Облыстық полицияның мәліметінше, Бәйдібек ауданындағы Шаян – Екпінді тас жолында Toyota Camry мен Volkswagen Passat көлігі соқтығысқан.

Салдарынан 7 адам оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу жүргізіледі. 

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. 

Желіде тараған ақпарат бойынша жол апатына түскендер жанып кеткен. 6-уы бір ауылдың тұрғындары болуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу