Түркістан облысындағы өрт: ауруханадағы жеті жасар бала көз жұмды
3825
Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында болған жойқын өрттің салдары ауыр болып жатыр. Бұған дейін 12 адамның, соның ішінде 9 баланың қаза тапқаны хабарланған еді. Бүгін тағы бір зардап шеккен 7 жастағы қыз бала ауруханада көз жұмды. Осылайша, қаза болған балалар саны 10-ға жетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qazaqstantv-ге сілтеме жасап.
Марқұм Жетісайдан тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Оның денесі ауылына жеткізіліп, бүгін жер қойнына тапсырылды.
Қайғылы оқиға 18 қараша күні таңертең болған. Көршілердің айтуынша, отбасында алдыңғы күні шағын жиын өтіп, үйде туыстар қонақтап қалған. Таңсәріде үйді өрт шарпыған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
22:19
Ресейдегі газ құбырында жарылыс болды: ҚР Энерг...
13.10.2026
21:12
Астанада жолаушыға тиіскен inDrive жүргізушісі ...
13.10.2026
20:10
Олжас Бектенов әкімдерге өңірлердің кірісін арт...
13.10.2026
19:23
Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі мен Патшайы...
13.10.2026
18:59
Семейде 20 жастағы қызды өлтірген жігітке 14 жы...
13.10.2026
18:43
Amanat партиясы мәслихат сайлауына қатысудан ба...