"Үлгілі әке еді": Өскеменде зауыттағы жарылыста қаза тапқан жұмысшының кім екені белгілі болды

05.05.2026 16:11 Мөлдір Қайнар
1419
Фото: әлеуметтік желі

Өскеменде зауыттағы жарылыста қаза тапқан жұмысшылардың бірі туралы деректер пайда болды. Марқұм болған 33 жастағы екі қыздың әкесі Олжас Рамазанов есімді металлург, деп хабарлайды Politico.kz sib.fm порталына сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бірнеше адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілген.

Қаза тапқандардың бірі – 1983 жылы туған Рамазанов Олжас Ниғдатұлы. Ол Шығыс Қазақстан облысының тумасы болған және кәсіпорында металлург болып жұмыс істеген.

Жақындары мен әріптестерінің айтуынша, Олжас тек жауапты қызметкер ғана емес, сонымен қатар қамқор, сүйікті әке болған. Ол екі қызымен жиі уақыт өткізіп, олардың тәрбиесі мен бос уақытына ерекше көңіл бөлген. Достары мен туыстары оны ұжымда сыйлы, мейірімді, әрдайым көмекке дайын адам ретінде сипаттады.

"Ол үлгілі әке болды. Жұмыстан кейін де қыздарына әрдайым уақыт табатын. Оның енді жоқ екеніне әлі де сене алмаймыз", – деді қаза тапқан адамның жақындары.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Жарылыстың себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған. Қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетілетіні айтылды. Кәсіпорын әкімшілігі Рамазанов Олжас Ниғдатұлының туған-туыстарына көңіл айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий