Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

06.03.2026 12:00 Әсел Мұрат
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды
201
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк бұл жолы да базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бұған дейін базалық ставка 2026 жылдың қаңтар айында да 18 % болған еді.

«Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжам раундының нәтижесіне, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жаңартылған бағалауы мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданды», - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляция 2026 жылы ақпанда болжамдарға сай келіп, 11,7%-ға дейін төмендеді (қаңтарда – 12,2%). 

Азық-түлік тауарлары бойынша баға 12,7% (12,9%)-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша – 11,6% (11,7%), ақылы қызметтер бойынша – 10,8% (12%) болды.

Инфляцияның төмендеуіне ТКҚ және ЖЖМ бағасын көтеруге қойылған мораторий де үлес қосады. ҚҚС мөлшерлемесін арттырудың инфляция динамикасына әсері шектеулі ретінде бағаланады.

Дегенмен, айлық инфляция 2026 жылғы ақпанда жеделдеп, 1,1%-ды құрады. Базалық инфляция ақпанда 0,8% болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий