Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалған жалғыз жолаушы апат туралы айтты

Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалған жалғыз жолаушы апат туралы айтты
13.06.2025 11:29
0
538
x.com/DrNimoYadav

Үндістанда болған ұшақ апатында 11А орнында отырған ер адам қалған. Полиция апат болған жерден аман қалған адамды шығарып алған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Qazaq Today ақпарат порталына сілтеп.

Ер адам ауруханаға жеткізіліп, емделіп жатқаны хабарланды.

Басылым ұшақ тұрғын ауданға құлағандықтан, билік қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың нақты санын әзірге айта алмайтынын жазады.

Қайтыс болғандар саны көп болуы мүмкін деген болжам бар.

Тірі қалған жолаушы — 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Рамеш Вишвакумар, деп хабарлайды Hindustan Times.

Ұшақ көтерілгеннен кейін 30 секундтан кейін қатты шу естілді, содан кейін ұшақ құлады. Барлығы өте жылдам болды, Орнымнан тұрсам айналамда мәйіттер жатты. Қатты қорықтым. Тұрып, қашып кеттім. Айналамда ұшақтың қирандылары жатты. Біреу мені ұстап алып, жедел жәрдем көлігіне отырғызып, ауруханаға апарды, — деді ол

Бұған дейін ұшақ бортындағы 242 адамның барлығы қайтыс болғаны хабарланған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий