"Ұрлай берсін": белгілі ақын Ұлықпан Жолдасов әнін рұқсатсыз айтып жүргенін мәлімдеді
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы «Adal Adam» YouTube арнасына берген сұхбатында көп жылдан бері композитор, әнші Ұлықпан Жолдасов орындап жүрген «Табиғатым – махаббатым» әнінің авторы өзі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақынның айтуынша, бұл өлеңді ол 20 жасында Қарқаралыда Ләйлі есімді қызға ғашық болып жазған. Ән бастапқыда «Махаббат бұлбұл» деп аталған.
«Бұл әннің авторы – менмін. Мұны Қарқаралы түгел біледі. Алматыда жүрген Ерлан Төлеутай да, журналист Мағауия Сембай да бұл өлеңнің маған тиесілі екенін жақсы біледі. Ол кезде авторлық құқық деген ұғым жоқ еді. Әнім студенттер арасында тарап кеткен. Кейін біреулер иемденіп алған», – дейді ақын.
Серік Ақсұңқарұлының сөзінше, өлең жолдары оның жеке жинақтарында да жарияланған, ал әннің атауы кейін өзгертіліп кеткен.
Соған қарамастан, ақын бұл мәселеге байланысты сотқа жүгінуді ойламайтынын айтты.
«Соттасу маған ұят. Алса, ала берсін», – деп түйіндеді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...