"Үш жылда үш бала": Дина Төреәлі тағы да жүкті
Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер әрі кәсіпкер Дина Төреәлі үшінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады, деп жазады POLITICO.KZ.
«Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұр. Бақыт үш есе артты. Шүкір», – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары бұл жаңалықты әртүрлі қабылдады. Бірі қуанышына ортақтасып, денсаулық тіледі. Ал енді бір бөлігі «үш жылда үш баланы дүниеге әкелу – үлкен батылдық» екенін атап өтті.
Төреғалидің үлкен қарындасы Фариза Төреәлі де қуанышын жасырмай, бауырына ізгі тілегін жеткізді:
«Раббым дені сау, саналы, салихалы ұрпақ нәсіп етсін. Диконым үшін дұға етіп қойыңыздар».
Айта кетейік, Дина Төреәлі 2022 жылы қызылордалық жігітке тұрмысқа шыққан. Қазір отбасында екі ұл тәрбиеленіп жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...
16.10.2026
19:11
“Есікті бұғаттап, ұрып жіберді”: Алматыда бойже...