"Үш танымал әнші бір сыныпта оқыдық": Ердос Қанаев жұлдызды сыныптастары туралы айтты
"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев мектеп кезін еске алып, жұлдызды сыныптастары туралы айтты.
Өнер иесі белгілі әншілер Еркін Нұржанов пен Асқар Жүнісбековпен бір сыныпта оқыған, деп жазады Ердос Қанаев "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, балалық шағы туралы сыр шертті. Әнші мектеп қабырғасынан өнерге жақын болған. Сөзінше, сыныптастары Еркін Нұржанов пен Асқар Жүнісбеков үшеуі мектепте трио құрған.
"Біз Еркін Нұржанов, Асқар Жүнісбеков бір сыныпа оқыдық. Мектепте марқұм Аманжол мен Шара деген ұстаздарымыз болды. Сол кісілер мықты болды. Біздің бойымыздағы қабілетімізді байқап, бағалай білді. Аудандық жарыстар көп болды. Әр ауылдан мықты өнерпаздар баратын. Біздің ауылдың атынан жарыстарға үшеуміз баратынбыз. Мектепте де үшеуміз трио болдық. Асқар екеуміз домбырада, Еркін баянда ойнайтын. Солай кіші кезімізден өнерге жақын болдық", - деді өнер иесі.
Ақпарат KAZ.NUR.KZ сайтынан алынды.