"Ұсыныс па?". Олжас Абай Дариға Бадықоваға ерекше тосынсый жасап қуантты

13.12.2024 10:01
0
214
видеодан алынған кадр

Қазақстандық танымал актер Олжас Абай өнердегі әріптесі Дариға Бадықоваға тосынсый жасап, оны ерекше қуантты. 

Дариға Бадықова өнердегі әріптесі өзін қалай қуантқанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті.

Бейнежазбада Олжас Абайдың актрисаға үлкен гүл шоғын сыйлап, ерекше сыйлық табыстап жатқанын көруге болады. Белгілі болғандай актер кинопродюсерді "Таптым-ау сені–2" фильмінің 1 млрд теңге жинағанымен құттықтаған. Бадықова мұндай тосынсыйға қуанып, әріптесіне алғысын айтқан.

Желі қолданушылары да қос әртісті бұл жетістігімен құттықтап, ақ тілегін білдірді. "Құтты болсын", "Жарайсыңдар, керемет туынды", "Олжас жарады, Дариға қуанып қалды", "1 млрд құтты болсын", "Дариға ханым. Кино керемет. Көкейден орын алды. Көрермені көп болсын", "Киногерлер көбейе берсін. Бізден қолдау болады", "Ұсыныс па деп қалдық" - деп жазуда көпшілік.

Ақпарат nur.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий