Ұялы телефон мен Wi-Fi қауіпті ме? Мамандар электромагниттік сәулелену туралы ескертті

Күнделікті өмірдегі ұялы телефондар, ноутбуктер мен басқа да электронды құрылғылардан тарайтын электромагниттік сәулелену адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мамандардың айтуынша, рұқсат етілген нормадан асқан сәулелену иммундық және эндокриндік жүйелерді әлсіретіп, психоэмоционалдық бұзылыстарға әкелуі ықтимал.
Электромагниттік өрістер қазіргі заманғы адамның қоршаған ортасының ажырамас бөлігіне айналды. Ұялы байланыстың қарқынды дамуына байланысты сарапшылар оның денсаулыққа әсері туралы ескертіп, халыққа бірқатар кеңестер ұсынды. Қазақстанда адам денсаулығына зиянды әсерді болдырмау үшін арнайы гигиеналық нормативтер бекітілген.
Бүгінде еліміздегі тұрғын аудандардың 90%-дан астамы сымсыз желімен қамтылған, ал әр отбасында кемінде бір ұялы телефон бар. Бұл өз кезегінде сәулелену көздері болып табылатын базалық станциялар санының артуына әкеледі. Заңнамаға сәйкес (ҚР ДСМ 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығы), электромагниттік сәулеленудің адам денсаулығына қауіпсіз деңгейі белгіленген. Егер бұл нормативтерден асып кетсе, адамдарда түрлі аурулардың, соның ішінде иммунитеттің әлсіреуі мен психоэмоционалдық бұзылыстардың пайда болу қаупі артады.
Осыған байланысты, жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында мамандар халыққа келесі кеңестерді ұсынады:
- Ұялы телефондарды, компьютерлер мен ноутбуктерді пайдалануды мүмкіндігінше шектеу;
- Электромагниттік сәулелену көздерінің (ұялы байланыс мұнаралары, Wi-Fi роутерлер) жанында ұзақ уақыт болмау.
Соңғы жаңалықтар





