Вице-президенттің кандидатурасы қашан жарияланады

28.08.2026 11:59 Әсел МҰРАТ
Вице-президенттің кандидатурасы қашан жарияланады
172
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы вице-президенттің кандидатурасын қашан жариялайтынын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Ата заңға сәйкес, үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.

«Сондықтан Құрылтайдың құрылымы жасақталған соң мен өздеріңізге Вице-Президенттің және Премьер-Министрдің кандидатуралары бойынша ұсыныс енгіземін», - деді Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында.

Содан кейін президент депутаттармен ақылдасып, үкімет мүшелерін жасақтайды.

«Содан кейін сіздермен ақылдасып, Үкімет мүшелерін тағайындаймын. Сонымен қатар жаңа лауазымды – Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарын тағайындаймын. Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалған соң жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын», - деп атап өтті Тоқаев.

Айта кетейік, Конституцияға сәйкес Құрылтайдың алғашқы сессиясы басталған сәттен Үкіметтің өкілеттігі тоқтайды. Олжас Бектенов бастаған министрлер кабинеті жаңа құрам жасақталғанға дейін өз міндеттерін атқарушы ретінде жұмысын жалғастырады. 

Бұдан кейін президент Құрылтай депутаттарының келісімімен премьер-министрді тағайындайды. Үкімет басшысы он күн ішінде жаңа үкіметтің құрамы жөнінде ұсыныс енгізуі тиіс.

Войдите, чтобы оставить комментарий