Вице-министр мобильді аударымдар төңірегіндегі дау-дамайға қатысты түсініктеме берді
597
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары қандай жағдайда бақылауға алынатынын түсіндірді.
"Егер жеке кәсіпкерге үш ай қатарынан әртүрлі тұлғадан 100 мобильді аударым түссе және бұл сома 255 мың теңгеден асса, жеке кәсіпкер бақылауға алынады. Яғни осы үш критерий сәйкес келуі керек. Біз осындай талап қойып отырмыз. 2025 жылы банктер бізге 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары туралы есеп ұсынады. Біз мәліметтерді алғаннан кейін, камералды бақылау жүргіземіз. Кәсіпкерлерге хабарлама жолдаймыз", - деді Біржанов сенат кулуарында.
Вице-министр сомасы 255 мың теңгеден асатын бір реттік мобильді аударымдар тексерілмейтінін атап өтті.
"Мысалы, наурыз айында жеке кәсіпкерге мобильді аударым арқылы 500 мың теңге түссе, оған ешқандай мәселе жоқ. Себебі бұл бір реттік аударым, оны туысы немесе досы жіберуі мүмкін", - деп түсіндірді ол.
2023 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 1 млн 400 жеке кәсіпкердің 944 мыңы табысын нөлмен көрсеткен. Бұл 67 пайызды құрайды. Отыз пайыз салық төлеуші ғана заңды түрде салық төлеген.
"Енді Ұлттық банктің деректеріне жүгінсек, бір жылдың ішінде карточка арқылы өткен төлемдердің айналымы 55 трлн теңгені құраған. Ал мобильді аударымдардың мөлшері 80 трлн теңге болды. Бұл дегеніміз, өкінішке қарай, барлық төлем бойынша салық төленбей отыр. Сондықтан халыққа мұны дұрыс жеткізу керек. Егер жеке кәсіпкерлер осы 80 трлн теңгеден салық төлемесе, азаматтардың жағдайы қиын болады. Қазір мобильді аударымдар бойынша хайп жүріп жатыр, бірақ шын мәнінде салық төленбей жатыр", - деді Біржанов.
Соңғы жаңалықтар
25.09.2026
12:03
Дәрет сындырған видео: полиция шетелдік турист ...
25.09.2026
11:24
Каспийде көз жұмған әскерилердің жақындарына кө...
25.09.2026
11:04
Каспийде қаза тапқан БҚО-лық сарбаздардың фотос...
25.09.2026
10:59
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшіні...
25.09.2026
10:51
Каспийдегі сұмдықтан аман қалған сарбаз есін жи...
25.09.2026
10:10
Каспийдегі қайғылы оқиға: қызметіне салғырт қар...