Қырғызстан ІІМ қазақстандық әріптестеріне 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді
612
Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі алапат су тасқынымен күресіп жатқан Қазақстан Республикасына 50 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді.
Қырғыз Республикасы ІІМ хабарлауынша, қазақстандық полицейлерге жіберілген гуманитарлық жүк қажетті заттар, дәрі-дәрмектер, резеңке етік, дизельді және электр генераторлары, үрлемелі қайықтар, шатырлар, матрацтар, тамақ өнімдері, көрпе-жастық, төсек-орын түрінде жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасымен Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтары үшін Қырғызстан бауырлас Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық жүк тиелген 15 жүк көлігін жөнелткен болатын. 14 сәуірде Қырғызстанда өндірілген 150 тонна сүт өнімдерінен тұратын «Жәрдем керуені» гуманитарлық жүгінің екінші партиясы жөнелтілді.– Бұл бастама дағдарыс кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты қолдаудың бір бөлігі болды. Біздің Қазақстанмен ынтымақтастығымыздың тарихы әріден басталады және мұндай сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсету маңызды. Бұл гуманитарлық көмек табиғи апат салдарымен күресіп жатқандарға жеңілдік әкеліп, зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті ведомстводан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...