ЮНЕСКО Қазақстанның тағы бір қазынасын әлемдік мұра деп таныды

25.07.2026 13:15 Қарақат АСЫЛОВА
ЮНЕСКО Қазақстанның тағы бір қазынасын әлемдік мұра деп таныды
213
Фото: Kazinform.kz

Маңғыстау өңіріндегі тарихи жерасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Kazinform.kz-ке сілтемемен.

Тиісті шешім Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды.

Тізімге Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жерасты мешіттері енді. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы мен қолдауының нәтижесінде жүзеге асты.

Бұл – Қазақстанның мәдени мұрасы үшін маңызды тарихи оқиға. Соңғы рет еліміздің нысандары ЮНЕСКО тізіміне 2003 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен 2004 жылы Таңбалы петроглифтері енгізілген болатын. Кейінгі жылдары Президенттің бастамасымен ұлттық мұраларды халықаралық деңгейде таныту жұмыстары қайта жанданды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, Маңғыстаудың жерасты мешіттері тек діни ғибадат орындары ғана емес, сонымен қатар өз дәуірінде білім мен ағартудың маңызды орталықтары болған. ЮНЕСКО бұл нысандарды көпғасырлық рухани, мәдени және сәулеттік дәстүрлердің бірегей үлгісі ретінде таныды.

Алдағы уақытта Қазақстан ЮНЕСКО тізіміне Жаркент мешітін, Алматыдағы Вознесенск кафедралды соборын, Қаратау петроглифтерін және Абайдың «Қара сөздерін» енгізу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Войдите, чтобы оставить комментарий