“Балмұздақ алып беремін”: Атырауда екі бүлдіршіннің жоғалуы елді дүрліктірді
Атырау облысының Исатай ауданындағы Тұщықұдық ауылында жоғалып кеткен үш және төрт жастағы екі бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 17 шілде күні кешкі уақытта болған. Туыстарының айтуынша, балалардың жоғалғаны белгілі болғаннан кейін оларды іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар және ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Іздестіру жұмыстарына мыңдаған адам қатысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, балаларды ауылдың 25 жастағы тұрғыны ертіп кеткен. Жақындарының сөзінше, ол бүлдіршіндерге балмұздақ алып беретінін айтып, өзімен бірге алып кеткен.
Шамамен үш сағаттан кейін екі бала да дін аман табылды. Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілген.
Әлеуметтік желілерде күдіктінің психикалық дертке шалдыққаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәліметті құзырлы органдар әзірге ресми түрде растаған жоқ.
Оқиғаның барлық мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
18:09
“Түнде кездесуге шақырды”: Атыраудағы НИШ мұғал...
23.10.2026
17:50
Болат Назарбаевтың суреті бар қымбат сағат OLX-...
23.10.2026
17:11
"Өлді" деп жылама, "өлем-ау" деп жыла": Сәкен М...
23.10.2026
17:05
Петропавлда жігіт сүймек болған қыз көліктен се...
23.10.2026
16:35
40 жылдан кейінгі өкініш: Айгүл Иманбаева жүрег...
23.10.2026
16:06
Әшімбаев Тоқаев реформаларын кітапқа түсірді