Зеленский Ресейдің Пасха күні де шабуыл жасағанын мәлімдеді

Зеленский Ресейдің Пасха күні де шабуыл жасағанын мәлімдеді
21.04.2025 13:54
0
62
REUTERS
Владимир Зеленский Ресейдің Пасха күні атысты толық тоқтатпағанын айтты

Ресейдің біркүндік Пасха қарсаңындағы бітім туралы мәлімдемесіне қарамастан, майдан шебінде атыс пен шабуылдар жалғасып жатыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

— Жалпы, Пасха таңындағы жағдайға қарасақ, Ресей армиясы атысты тоқтату жайлы жалпы әсер қалыптастыруға тырысып жатыр. Алайда кейбір бағыттарда шабуыл жасап, Украинаға шығын келтіруге тырысуын тоқтатпаған, — делінген Зеленскийдің әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.

Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні православ Пасхасына қатыспас бұрын өз әскері мен күштеріне сенбі күні сағат 18:00-ден жексенбі түн ортасына дейін ұрыс қимылдарын толық тоқтату жөнінде бұйрық берген еді.

Бұл қадам АҚШ-тың жақында жасаған мәлімдемесінен кейін жүзеге асты. Онда Вашингтон Ресей мен Украина тарапынан нақты қадамдар болмаса, бейбіт келіссөздерден бас тартуы мүмкін екенін ескерткен.

Алайда Зеленский сенбі кешінде жүздеген оқ атылған жағдай тіркелгенін, ал жексенбі таңында украин әскері 59 мәрте атқылау мен бес рет штурм әрекетін тіркегенін мәлімдеді.

— Ресей атысты тоқтату режимінің шарттарын толық сақтау керек, — деді ол.

Зеленский Киевтің бітім режимін 30 күнге ұзартуға дайын екенін растады. Алайда егер Ресей жексенбі күні де әскери әрекеттерін жалғастырса, Украина да жауап қайтаратынын мәлімдеді.

— Украина әрекетін айна-қатесіз жалғастырады, — деді Зеленский.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий