Зеленский Трамптан қару сұрап келді ме?

Зеленский Трамптан қару сұрап келді ме?
17.10.2025 14:43
0
41

Владимир Зеленский Америкаға ат терлетіп келді. Түрі шаршаңқы, бірақ үмітті. Мақсат – соғыстан шаршаған елдің қамы, деп жазады  POLITICO.KZ.

КЕЗДЕСУДЕГІ БАСТЫ ТАҚЫРЫП - ҚАРУ

Ресей ұйқы бермей, Украинадағы энергетикалық нысандарға түн сайын зымыран жаудырып жатыр. Ел жарықсыз, жылусыз қалды. Ал Зеленскийдің Вашингтонға сапары сол суықты азайту үшін дейді сарапшылар. Яғни, қару қамын қамдап келген. 

РЕСЕЙ ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ АҚШ-ҚА КЕТКЕНІН ПАЙДАЛАНЫП, ОҚ ЖАУДЫРДЫ

Бүгінгі таң да Ресейдің зымыран дауысымен оянды. Украинадағы бірнеше газ өңдеу зауыты мен энергетика инфрақұрылымы қирады. Көгілдір отын көкке ұшты. Осының бәрі Зеленский Америкаға жеткен сәтте орын алды. 

ТРАМП ПЕН ЗЕЛЕНСКИЙ АРАСЫНДА ЖАНЖАЛ

Зеленский Вашингтонға келгесін, атмосфера бірден “халықаралық ток-шоу” стиліне ауысты. Кездесу алдында Украинаның қарулы күштері АҚШ-тың ірі қару өндірушілерімен кездесіп, жаңа әуе қорғанысы жүйелері мен Tomahawk зымырандарын әкелуді сұрады. 

Трамп Зеленскийге қарсы шықты.

Ол “Сен Дүниежүзілік III соғыспен ойнап отырсың”, “құрмет көрсетпедің” деп мін тақты. Сонымен қатар, Зеленскийдің “араласқысы келмейтінін” айтып, “Америка мүддесіне құрметпен қарауы керек” екенін баса айтты. 

ЗЕЛЕНСКИЙ АШУҒА БУЛЫҚТЫ

Украина басшысы Трамптың өктем сөйлегеніне шыдамаса керек. Үнсіз қалмай, ашумен жауап берді.

“Сендер қандай дипломатия туралы айтып тұрсыңдар?Біз бәріміз қиындық көріп жатырмыз, ол қатарда Америка да бар…”, деді Украина басшысы. 

КЕЗДЕСУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ 

Кездесу соңында келісімдерге қол қойылмады. Трамп кейін әлеуметтік желіге кездесу туралы жазды.

 “Бейбітшілікке дайын кезде қайта келерсің”, деп жазған Трамп. 

ӘЛЕМ САРАПШЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

Бұл кездесуге қатысты Еуропа көшбасшылары да үн қосты. Олардың басым бөлігі осы жиын АҚШ–Украина қарым-қатынасына қатты әсер етуі мүмкін екенін болжаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий