Зейнетақыны шешіп алу қиындайды - келесі айда шекті сома өсуі мүмкін
Қазақстанда келесі айда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алуға қажетті шекті сома өсуі мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев үкіметте өткен брифингте мәлімдеді. Журналистер одан жаңа талаптарды талқылау қай сатыда жатқанын сұраған болатын, себебі бұған дейін құжат порталда жарияланып, кейін халық үшін қолжетімсіз болып қалған еді.
Министрдің сөзінше бұл қаулының жобасы келісімге екі рет жіберілген. Бірінші нұсқада шекті соманы болжамды инфляцияға қарай өсіру ұсынылса, басқа мемлекеттік органдар оны санаттарға бөліп есептеуді сұраған. Қазір министрлік осы есептерді күтіп отыр және солардың ішінен нақты бір формуланы таңдап, құжатты түпкілікті бекітуге жібермек.
Асқарбек Ертаев шекті соманы жақын арада көтеру қажеттігін жеткізді. Оның айтуынша соңғы 5 жылда халық несие жабуға және емделуге 5 трлн теңге шешіп алған.
«Біз әрбір азамат зейнет жасына жеткенде лайықты зейнетақы алуы керек деп санаймыз, адамдар ең төменгі емес, лайықты зейнетақы алу үшін жинаған қаражатты қазір жеп қоймауы керек», - деді министр.
Соңғы жаңалықтар