Зейнеттегі Назарбаев қазір саясатпен айналыса ма – Үкібай жауап берді
1923
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның қазір саясатпен айналыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Айдос Үкібай бұл туралы Азаттық сұрағына берген жауабында айтты
«Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір кездері өзі негізін қалаған «Аманат» партиясына мүше емес, партия төңірегінде болып жатқан қазіргі өзгерістердің оған қатысы жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлының (партияға– ред.) қандай қатысы бар? Ол кісі (Қазақстан президенті ретінде – ред.) өкілетін 2019 жылы тоқтатқан», – деді Үкібай.
Оның айтуынша, зейнеттегі Назарбаев қазір саясатпен айналыспайды.
Айта кетейік, Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы президент өкілетін тоқатқан. Бірақ 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына дейін Қауіпсіздік кеңесінің және «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясының басшысы болды.
Соңғы жаңалықтар
07.09.2026
08:18
Шығыс Қазақстанда жер сілкінді
07.09.2026
07:42
Ақтөбеде күйеу баласына оқ атқан полицей 10 жыл...
07.09.2026
05:48
Бүгін 2 бала мен әйелді қағып өлтірген мұғалімг...
07.09.2026
05:01
7 қыркүйекте елдің көп өңірінде ауа райы бұзылады
06.09.2026
17:17
Италия премьері Джорджа Мелони Тоқаевқа алғысын...
06.09.2026
16:22
Қазақстандық тревел-блогер Трамптың ұлына шапан...