«Жала жауып, күнә арқаламаңыздар»: Нұрайды өлтірген күдіктінің блогер ағасы шұғыл мәлімдеме жасады 

17.01.2026 16:54 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Жала жауып, күнә арқаламаңыздар»: Нұрайды өлтірген күдіктінің блогер ағасы шұғыл мәлімдеме жасады 
0
284
Фото: коллаж Politico.kz

Шымкентте болған жантүршігерлік қылмыстан кейін танымал блогер жұптар Мағжан Аймахан мен Камила Әділхан көпшіліктің алдына шықты, деп хабарлайды Politico.kz.

Олар Нұрайдың жақындарына көңіл айтып, бұл жағдай кез келген ата-ана үшін орыны толмас қайғы екенін жеткізді.

Мағжан Аймахан Нұрайды өлтірді деген күдіктіге қатысты көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

«Барлықтарыңыздың қойып жатқан сұрақтарыңыз Аймахан Шерханның сендерге қандай қатысы бар ? Шерхан –  менің әкемнің інісінің баласы! Біздің туысымыз! Ешкім баласын қатыгез, зұлым болсын деп қаламайды, ойына кіріп те шықпайды. Бұл жағдай өзімізге де өте ауыр тиіп жатыр, ешкім қызын аяқ асты біреудің қолынан өліп кеткенінде қаламайды. Екі жақтың да ата-анасына өте ауыр жағдай! Бұл екі тараптың да қазіргі жағдайын ешкімге, адам баласына тілемейміз», - деп жазды олар.

Көпшіліктің арасында блогердің арқасында бұл мәселе жеңіл шешілуі мүмкін деген сөз тараған еді. Блогер бұл мәселенің нүктесін қойды. Айтуынша, кінәлі адам өзінің әділ жазасын алуы тиіс.

«Сот және ондағы жаза бойынша бізде бәрінің әділ өткенін қалаймыз! Бірақ үлкен өкінішке қарай қанша жылға сотталып кетсе де, қанша көңіл айтсақ та Нұрайдың орыны толмайды. Көптің айтуынша блогермен туыс болса, бірдене шешіліп кетіп, әділ емес болып қалмасын деген ақпарат жайылып кетіпті. Керсінше халықтың алдында жүрген адам ретінде қанша туысымыз болса да бұл жағдайда әділ жаза және соттың әділ шешімі шыққанын қалаймыз. Сол себепті бекер жала жауып блогер ғой «бүйтет, сүйтет» деп байқамай күнә арқалап кетіп жүрмеңіздер себебі біз ең бірінші Алланың жазасынан қорқамыз сол себепті 1 грамм ойымызда да жоқ бұл жағдайды ақтап алуға. Бұл – өте зұлымдықпен жасалған қылмыс! Сол себепті қазір бұл пост таралмайды емес, таралады. Өздеріңізді бекер кінәсі жоқ, қатысы жоқ адамға жала жабу арқылы күнә арқалап алмаңыздар, қазір де жаман сөз жазбай Нұрай үшін дұға етейік, топырағы торқа болсын, жатқан жері жайлы болсын! Ал қылмыс жасаған адам Әділдікпен жазасын алсын», - деп жазды блогер.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий