Жалдамалы пәтердегі екі әйелдің өлімі: оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Тараз қаласындағы аудандардың бірінде тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі таңда полиция қылмыскерді іздестіріп жатыр, деп хабарлады politico.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, марқұмдардың бірі 46, ал екіншісі 54 жаста болған. Олардың біреуі Алматыдан Таразға келген. Көршілердің айтуынша, әйелдер бұл пәтерде шамамен бір жылдай тұрған, ешкіммен кикілжіңге бармаған және барлығына сыпайы қарым-қатынас көрсеткен. Алайда кімнің және не үшін оларға мұндай қатыгездік жасағаны белгісіз болып отыр. Қазір полиция күдіктіні іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына Жамбыл облыстық полиция департаментінің тергеу-оперативтік тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін қажетті барлық тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды», – деп түсіндірді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...