Жамбыл облысында есірткі сатқан әкесі мен баласы сотталды

Жамбыл облысында есірткі сатқан әкесі мен баласы сотталды
13.10.2025 18:33
0
51

Жамбыл облысында 58 жастағы ер адам және оның 20 жастағы ұлы аса ірі мөлшерде есірткі сақтап, тасымалдағаны және өткізгені үшін сотталды деп хабарлайды POLITICO.KZ. Baribar.kz порталына сілтеме жасай отырып

Сотталушы шаруа қожалығында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтаған. Олардың әр килограмын 180 000 теңгеге, жалпы 12 килограмын 2 160 000 теңгеге сатуға келісім жасаған. Сонымен қатар, бір-екі күнде тағы есірткі затын дайындап қоюға уәде берген.

Әкесі баласына есірткі заттарын сатуға дайындап қойғанын, оның сыртын қаптауға көмектесуін сұраған. Артынан сатып алушылар шаруа қожалығына келіп, үш дана орамдағы есірткіні 1 млн теңгеге сатып алған. Есірткінің қалған бөлігін сатып алу барысында оларды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері ұстады, — делінген хабарламада.

Оқиға болған жерден 12 720 граммнан аса ірі мөлшерде есірткі табылған. Шаруа қожалығының үй-жайынан 13 дана қап тәркіленіп, жалпы салмағы 185 600 граммнан аса ірі мөлшердегі кептірілген «марихуана» табылған.

Сот отырысында әкесі өз кінәсін жартылай мойындады, ал баласы кінәсін мойындамай, әкесінің есірткі затын сатумен айналысып жүргенін білмегенін айтты.️ Сот үкімімен екеуі жеті жылға бас бостандығынан айырылды, — делінген хабарламада.

А️лайда Жамбыл облыстық соты қорғау жағының шағымымен үкімді қайта қарап, ұлына қатысты бөлігін өзгерткен. Нәтижесінде 20 жастағы сотталушыға қатысты қолданылған жаза төрт жылға дейін азайтылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий