Жамбыл облысында тастанды сәбидің анасы анықталды

02.09.2026 18:04 Қарақат АСЫЛОВА
Жамбыл облысында тастанды сәбидің анасы анықталды
174
Ашық дереккөз

Жамбыл облысында сәбиді қоқыс контейнеріне тастаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Нәрестені 2 қыркүйекте жергілікті тұрғындар анықтаған. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысы бар әйелді де анықтады. Полицияның мәліметінше, әйел полиция бөліміне жеткізілген. Ол өз кінәсін мойындап, жауап берген.

«Ол полиция бөліміне жеткізілді. Әйел мойындау көрсетпелерін берді. Сотқа дейінгі жан-жақты әрі толық тергеу нәтижесінде тиісті процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған әйел 1989 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны. Инсайдердің айтуынша, ол Гвардейск ауылындағы мектепте тазалықшы болып жұмыс істеген. Әйелдің бұған дейін төрт баласы бар, күйеуі жоқ.

Оқиғаға қатысты Жамбыл облысының әкімдігі әзірге түсініктеме берген жоқ. Ведомство бұл істің тергеу құпиясына байланысты екенін мәлімдеді.

Ал нәрестенің денсаулық жағдайына қатысты Денсаулық сақтау министрлігі ақпарат берді. 2026 жылғы 2 қыркүйекте сағат 10:00-де жаңа туған қыз бала Қордай аудандық орталық ауруханасының босандыру бөліміне жеткізілген.

Нәрестенің жағдайы орташа ауырлықта. Болжамды гестациялық жасы – 36 апта, салмағы – 1778 грамм. Тыныс алуы өздігінен, гемодинамикасы тұрақты.

Қазіргі уақытта сәбиге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий