Жамбыл облысында тойда қайын әпкесіне сәлем салудан бас тартқан келіннің ісі сотта қаралды
Жамбыл облысы Жуалы аудандық соты тойдағы ұрыстың арты тұрмыстық жанжалға ұласқан ерлі-зайыптылардың ісін қарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Соттың мәліметінше, ер азаматтың ісі Әкімшілік кодекстің 73-бабы, 1-бөлігі бойынша, яғни, «Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер айту» бабымен қаралған.
«Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде ер адам жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өтінішті орындаудан бас тартқан. Үйге келген соң ер адам әйелінің осы шешімі үшін оған былапыт сөздер айтқан», - деп хабарлайды Жуалы соты.
Сот отырысына келген ер адам кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап және тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. Ал, әйел болса осы жанжалдан кейін күйеуі оның анасына хабарласып, «қызыңызды алып кетіңіз» дегенін айтқан. Дегенмен, күйеуін кешірім, татуласуға келіскен.
«Сот қаулысымен медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар