Жамбылда мектепке тұз шашып, дуамен айналысқан мұғалім жазаланды

Жамбылда мектепке тұз шашып, дуамен айналысқан мұғалім жазаланды
14.10.2025 09:36
0
159

Жамбыл облысында мектеп директоры кабинетінің табалдырығына тұз сеуіп, қоғамдық орынды ластаған мұғалім жауапқа тартылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жуалы аудандық соты «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша мұғалім әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істі  қарады.

«Іс материалына сәйкес, ол орта мектептің дәлізінде және директордың кабинетінің алдына тұз шашып ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған. Әйел адам мұғалім ретінде мектепке жұмысқа орналасқысы келетінін, сондықтан тұзбен рәсім жасап көруді жөн көргенін айтқан. Сот отырысында ол жасаған ісіне өкініп, өз кінәсін толық мойындап және соттан қатаң жаза тағайындамауды сұрады», - делінген соттың хабарламасында. 

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий